Алматыда пәтердегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда пәтердегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты

Алматыда пәтердегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты

АЛМАТЫ. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today . Алматыда пәтердегі өрт салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы хабарлады.

  • 27 Желтоқсан 2006
  • 386
Фото - Caravan.kz

Оқыс оқиға 26-желтоқсанда 20 сағат 03 минутта Медеу ауданында Қалдаяқов көшесінде болған. Пәтерде 4 шаршы метр аумақта өрт шыққан.

Өртті сөндірген кезде 72 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Өрттен сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің қарауылдарының басшысы зардап шегіп, №4 қалалық аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды.

Өрт сол күні 20 сағат 39 минутта сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта