«Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған оқиғаға қатысты әңгіме қозғалды. БАҚ -ның әсіре насихаттауынан оқиға түймедейден түйедей болып көрініп отыр»,-деді Бақтыбаев. Оның айтуынша, бас прокурор облыстық прокурорға «өзге мемлекеттік органдармен қоса оқиғаның негізінде жатқан жайттарды саралап, осыншама деңгейге жетуіне /ұлтаралық кикілжің түрінде- Kazakhstan Today анықтамасы/ не себеп болғанын анықтау туралы тапсырма берді.
Еске сала кетейік, Алматы облысы Шелек ауданында қазақ және ұйғыр жастары арасында жаппай төбелес болады. Жергілікті билік өкілдерінің пікірінше, оқиғаға тұрмыстық жайттар себеп болған. Алайда бірқатар БАҚ ұлтаралық қақтығыс болды деп жариялаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті