Қазақстанда 155 мыңнан астам заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды - Астана қалалық ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 155 мыңнан астам заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды - Астана қалалық  ІІД

Қазақстанда 155 мыңнан астам заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды - Астана қалалық ІІД

АСТАНА. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда бүгінгі күнге дейін 155 мыңнан астам заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында журналистерге Астана қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Борис Колесниченко құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2006
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Заңсыз еңбек мигранттарын заңдастырудың аяқталуына төрт күн қалды, Алматы, Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ең көп еңбек мигранттары заңдастырылған», — деді Б. Колесниченко. Ол Астана қаласында 2006 жылдың 26 желтоқсанына дейін берілген 11 078 өтініш бойынша 11 073 заңсыз еңбек мигрантының заңдастырылғанын атап өтті. «Естеріңізде болса, біз осы шараның басына 5 мыңдай мигранттың заңдастырылатындағына болжам жасағанбыз. Үй-үйді аралау және жұмыс берушілермен жүргізілген түсіндіру жұмыстары өз ролін атқарды», — деді астаналық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы.

«Заңдастырылғандар еңбек ететін ең негізгі қызмет саласы — бұл құрылыс, осы салада біз 10,5 мыңнан астам адамды заңдастырдық, яғни жалпы заңдастырылғандардың 95 пайызы», — деді ол. Оның мәліметтеріне сүйенсек қалған 5 пайыз қызмет көрсету саласына тиесілі: үй жұмысшылары, дәмхана және техникалық жөндеу орталықтарының жұмысшылары. Қазақстанға келетін заңсыз еңбек мигранттарының басым бөлігі Өзбекстаннан (8275 адам) және Қырғызстаннан (1372 адам) келгендер.

Б. Колесниченконың айтуынша, соңғы он күнде Астана қалалық ІІД-не өтініш берушілер белсенділік танытып отыр. «Күніне орта есеппен 300 адам өтініш беруде, ал қыркүйек, қазан және қараша айларында орта есеппен күніне 150-200 өтініш түскен», — деді ол. «Қалған төрт күнде енді қаншасы заңдастырылатындығын және Астанада осы рақымшылыққа іліккісі келетін әлі қанша заңсыз еңбек мигранттарының болатындығын айту әзірше қиын», — деді Астана қалалық ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта