Байқоңыр ғарыш айлағынан Францияның "Сorot" жер серігін "Союз-2.1б" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогы алып ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр ғарыш айлағынан Францияның "Сorot"  жер серігін  "Союз-2.1б"  зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогы алып ұшты

Байқоңыр ғарыш айлағынан Францияның "Сorot" жер серігін "Союз-2.1б" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогы алып ұшты

БАЙҚОҢЫР. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today. 27-желтоқсанда меже бойынша 20 сағат 23 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан Францияның астрофизикалық зерттеулерге арналған "Сorot" (Cоnvection Rоtation and planetary transits) жер серігін "Союз-2.1б" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогы алып ұшты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Желтоқсан 2006
  • 623
Фото - Caravan.kz

«Байқоңыр» федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, ғарыштық аппарат тиісті орбитаға шығарылды, ол жуырда Еуропаның ғарыштық агенттігіне пайдалануға өткеріледі.

«Сorot» -диаметрі 30 см-лік екі парабола түріндегі айналардан тұратын фокустық қашықтығы 1,1 метрлік телескоп орнатылған шағын жер серігі. Жер серігінің салмағы 600 килограмм, телескоптың салмағы — 300 килограмм.

Жоба бойынша бұл телескоп 2,5 жылда 120 мың жұлдызды бақылауға мүмкіндік беруге тиіс. Оның басты мақсаты — жұлдыздардың жарықтығындағы мардымсыз өзгерістердің өзін анықтау. Алынған ақпараттардың негізінде осы жұлдыздардың салмағын, жасы мен химиялық құрамын анықтауға, сондай-ақ Жермен бірдей мөлшердегі ғаламшарлары бар, мөлшері жағынан да бірдей жұлдыздарды табуға болады, дейді ғарыш мамандары.

«Байқоңыр» федералдық ғарыш орталығының баспасөз хатшысы Олег Урусовтың хабарлауынша, «Союз-2.1б» зымыран тасығышы — бұл жаңа үшінші сатылы қозғалтқыш орнатылған және жүк көтерімділігі шамамен бір тоннаға (950 килограмм) көбейтілген, модернизацияланған «Союз-2.1б» зымыран тасығышының Байқоңырдан алғаш рет ұшырылуы. Алғашқы екі сатысының қозғалтқыштары дәл осындай болып келетін және сандық басқару жүйесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасығышынан бір ерекшелігі — зымыранда жаңартылған үшінші сатысының болуында. Бұған дейін Плесецк және Байқоңыр ғарыш айлақтарында жүзеге асырылған «Союз-2.1а» зымыран тасығышының екі ұшырылымы жаңа бағдарламалық қамтамасыздық пен сандық басқару жүйесін сынақтан өткізуге мүмкіндік берді. Ал «Союз-2.1б» зымыран тасығышының ұшырылымы «Союз» тобындағы зымыран тасығыштары паркін жаңалауға және аппараттарды ғарышқа шығару бағытындағы міндеттер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Союз-2.1б» зымыран тасығышының ұшырылымы — Байқоңыр ғарыш айлағынан биыл жүзеге асырылған 16-шы ұшырылым болды (тағы екі құрлықаралық зымыран Ресей қорғаныс министрлігінің мүддесіне ұшырылды).

2007-жылғы ғарыштық ұшырылымдар бағдарламасы қаңтарда бсталады. 18-қаңтарда 1-алаңнан «Прогресс М-59» жүк кораблі мен «Союз-У» зымыранын ұшырылады. Ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, су және отын жеткізеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта