Қазақстанда Үндістан азаматы алаяқтық жөніндегі айыппен сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Үндістан азаматы алаяқтық жөніндегі айыппен сотталды

Қазақстанда Үндістан азаматы алаяқтық жөніндегі айыппен сотталды

АСТАНА. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанда Үндістан азаматы алаяқтық жөніндегі айыппен сотталды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің тергеу департаментінің бастығы Василий Цуранков мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Желтоқсан 2006
  • 461
Фото - Caravan.kz

В.Цуранковтың айтуынша, Үндістан азаматы Каушик Манидра жеңілдетілген шартпен пәтерлер сату жөніндегі сылтаумен Алматының 34 тұрғынын 82 млн. теңгеге тақырға отырғызып кеткен. Сауда-саттықты өзім рәсімдеймін деп міндеттеме жүктеп алған К.Мандира меншіктену құқығын Жылжымайтын мүлік орталығында тіркеместен, артынан пәтерлерді Халық банкінен 112 млн. теңгеден астам қаржыны несиеге алу үшін кепілдікке пайдаланған.

«Соның нәтижесінде ол 112 млн. теңгені тонау арқылы банкті де, қарапайым тұрғындарды да алдап соққан»,- деді В.Цуранков.

27-желтоқсанда Алматыда К.Мандира 8 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленді. «Оның сыбайласы — Боткина есімді азаматша да 7 жылға бас бостандығынна айрылып, мүлкі тәркіленді»,- деді департамент төрағасы. Алаяқтық құралына айналған барлық жылжымайтын мүлік нысандары тұтқындалды, олар шығынның орнын толықтыру үшін пайдаланылтын болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта