Елбасы 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткізу туралы жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткізу туралы жарлыққа қол қойды

Елбасы 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткізу туралы жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 3 Қаңтар 2007
  • 474
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру, байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президенті мен Украина Президенті кездесулерінің барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау мақсатында 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылы өткізуді қаулы етемін»,- делінген 29-желтоқсанда қол қойылған құжатта.

Жарлық бойынша, Қазақстан Республикасының үкіметі 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетін құрып, көрсетілген іс-шараны қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелді .


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта