Семейде 16 адам ішімдіктен уланып ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 16 адам ішімдіктен уланып ауруханаға түсті

Семейде 16 адам ішімдіктен уланып ауруханаға түсті

СЕМЕЙ. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде өткен екі тәулікте 16 адам ішімдіктен уланып ауруханаға түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семей қалалық гемодиализ және токсикология орталығының бөлім меңгерушісі Қайрат Бишигулов хабарлады.

  • 3 Қаңтар 2007
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Науқастардың жасы 18 бен 60 аралығында. Кейбіреулері басы, енді бірі жүрегі ауырды деп келді. Себеп біреу ғана — ішімдікті шектен тыс ішу. Олардың басым бөлігі жаңа жылды 29-желтоқсанда тойлай бастаған. Қазір ауруханаға ішімдіктен уланғандар әлі де келіп түсіп жатыр»,- деді ол.

Қ.Бишигуловтың айтуынша, 2006-жылы Семейде түрлі улану оқиғаларынан 55 адам қайтыс болған. Соның ішінде 49 адам ішімдіктен уланып көз жұмды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта