Қостанайда есірткі тасушыдан 1 килограмнан астам героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда есірткі тасушыдан 1 килограмнан астам героин тәркіледі

Қостанайда есірткі тасушыдан 1 килограмнан астам героин тәркіледі

ҚОСТАНАЙ. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. Қостанайлық тәртіп сақшылары есірткі тасушыдан 1 килограмнан астам героин тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қаңтар 2007
  • 412
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 36 жастағы облыс орталығының тұрғыны 29-желтоқсанда ұсталған. Тінту кезінде оның ішігінің қалтасынан тәртіп сақшылары 3,32 грамм героин тапты. Оның автокөлігінен тағы да 1,84 грамм, ал үйінің ауласындағы құпия қоймадан 1 килограмнан астам героин табылды.

Полицияның ақпаратына сәйкес, құқық қорғау органы қызметкерлеріне есірткіні табуға Бард атты иісшіл ит көмектескен. «Бақшада жасырылған есірткі салынған целлофан дорба тек спаниель итінің арқасында ғана табылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жалпы алғанда өткен жылғы қаңтар және желтоқсан айлары аралығында Қостанай облыстық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері 240 килограмм есірткілік заттарды, соның ішінде 1,5 килограмм героинді заңсыз айналымнан шығарды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта