Қырғызстанда Конституцияның жаңа редакциясы қайта қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда Конституцияның жаңа редакциясы қайта қабылданды

Қырғызстанда Конституцияның жаңа редакциясы қайта қабылданды

БІШКЕК. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламенті -Жогорку кенеш жаңа жыл қарсаңында Конституцияның жаңа редакциясы қайта қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Қаңтар 2007
  • 641
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның Ата заңының жаңа редакциясы 30-желтоқсанда қабылданды. Парламентте дауыс беру алдында Қырғызстан президенті Құрманбек Бкиев сөз сөйледі.

Қырғызстан президентінің айтуынша, 2006-жылдың қараша айында қабылданған Конституцияның жаңа редакциясы «жан-жақты ойластырылмаған болып шығуға байланысты еңсеруге келмейтін құқықтық қайшылықтарға алып келген». Жогорку кенеш өзінің жаңаша өкілеттілігін пайдала алмай, өзінің заң шығару қызметінде шалымдылық таныта алмады, деді Қ.Бакиев. Президенттің пікірінше, «саяси және экономикалық маңызы бар маңызды заңдардың қоржынын қабылдаудың орнына, депутаттар лауазымдарды бөлісумен ғана шектелді», соның салдарынан ел жаңа жылды келесі жылға арналған бюджетті қабылдамастан қарсы алды.

«Осындай жағдайда мен отствакаға кету арқылы ақырғы амалмен парламентті жұмысқа шақырмақ болған үкіметтің шешімін мен түсінемін»,- деп мәлімдеді президент.

Қырғызстан президенті парламенттің жұмысына басқа да бірқатар мәселелер бойынша сын айтты. Қ.Бакиевтің хабарлауынша, «қалыптасқан осындай ахуалды ескеру негізінде», ол билік органдары мен ел экономикасының тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісін өткізуге шешім қабылдаған. «Қауіпсіздік кеңесінің отырысында біз парламенттің болашақ тағдарына қатысты да шешім қабылдауға тиіс екенімізді жасырмаймын»,- деді Қырғызстан президенті.

Қ.Бакиевтің сөзінен кейін депутаттар республика Конституциясының жаңа редакциясын бірінші және екінші оқылымда қабылдады. Ол үшін 50 депутат дауыс берді. Қабылданған жаңа Конституция мемлекет басшысының өкілеттілігі аясын біршама кеңейте түсті. Қырғызстанның жаңа Конституциясына сәйкес, республика президенті облыстардың губернаторларын өз бетімен тағайындай алады және үкіметтің мүшелерін парламентпен келіспестен тағайындай алады. Бұған дейін әрбір министрді парламетте лауазымына бекітетін.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен жылдың желтоқсан айының ортасында Қырғызстан үкіметінің өз бетімен отставкаға кетуінің салдарынан елде саяси дағдарыс белең алды. Мажоритарлық негізде сайланған Жогорку кенештің қазіргі құрамында үкіметтің жаңа құрамын бекітуге құқығы жоқ. Ел Конституциясының 2006-жылғы қараша айында қабылданған редакциясына сәйкес, министрлер кабинетін тағайындау үшін парламентте партиялық көпшілік қалыптасуы керек. Соған байланысты бір топ депутаттар қалыптасқан осындай құқықтық ахуалды еңсеру үшін Қырғызстанның Ата заңын қайтадан өзгерту туралы бастама көтерді.

Қырғызстан парламенті 8-қаңтарда жұмысқа қайта кіріседі. Үкіметтің шешімімен 31 желтоқсан мен 7-қаңтар аралығы республикада демалыс күндері деп жарияланды. 2006-жылғы 30-желтоқсанда басталған Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісі 2007-жылғы қаңтарға кейінге шегерілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта