Қарағанды облысындағы 14 адамның өліміне кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы 14 адамның өліміне кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағанды облысындағы 14 адамның өліміне кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айрылды

ҚАРАҒАНДЫ. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында сот шешімімен 14 адамның өліміне кінәлі деп танылған "МАН" жүк көлігінің жүргізушісі Сайлау Әкімбаев 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы бүгін журналистерге Қарағанды облысының Шет ауданы прокурорының орынбасары Амангелді Бейсембаев хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2007
  • 488
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 2006 жылдың 5-шілдесінде Екетеринбург-Алматы тас жолының 859-шықырымында таңғы сағат 6 шамасында болған. «МАН» жүк көлігінің жүргізушісі тізгінде отырып қалғып кету салдарынна жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Алматыдан Павлодарға бағыт алған «Вольво» жолаушылар тасымалдайтын автобусымен соқтығысқан. Автобуста негізінен Алматыдан тауар алып бара жатқан саудагер әйелдер болған.

Соққы салдарынан автобус өз бағытынан жаңылып, жол шетінде тұрған «КамАЗ-ға» барып соғылады. Жол апатынан 14 адам қаза тапты. 12 адам, соның ішінде үш бала әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Сот тергеуі С. Әкімбаевтың ҚР Қылмыстық кодексінің 269 бабының 3 тармағында қаралатын қылмысты жасаған кінәсін толық дәлелдеді. Шет ауданы сотының 2006 жылдың 7-қарашасындағы үкімімен С. Әкімбаев бес жылға бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта