Қызылорда облысында туберкулезбен күресудің үш жылдық бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесі қорытындыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында туберкулезбен күресудің үш жылдық бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесі қорытындыланды

Қызылорда облысында туберкулезбен күресудің үш жылдық бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесі қорытындыланды

ҚЫЗЫЛОРДА. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында туберкулезге қарсы күресудің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындысы жасалды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Қаңтар 2007
  • 415
Фото - Caravan.kz

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Марат Абдуллаевтің сөзіне сүйенсек, бағдарламаны жүзеге асыру барысында бірқатар жақсы нәтижеге қол жеткізген. «Егер 2005 жылы Қызылорда облысында туберкулезбен ауырған 1435 науқас тіркелген болса, 2006 жылы олардың саны 231-ге азайған»,- деді ол.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің ақпаратына сәйкес, бағдарламаны жүзеге асыру аясында 1,5 млрд. теңгеден астам қаржы игерілген. Айта кетсек, бұл қаржыға Сырдария және Қармақшы аудандарында туберкулезге қарсы емдеу орындарының ғимараттары салынып, басқа емдеу орындарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Арал және Шиелі аудандарындағы емдеу орындарына флюроаппараттары, ал Жаңақорған ауданындағы диспансерге рентген аппараттары орнатылған.

Сонымен қатар, облыстық тубдиспансердің клиникалық зертханаларына биологиялық қауіпсіздік шкафтары орналастырылды. «Диспансердің өзі ультра дыбыстық зерттеу аппаратымен және фиброгастроэндоскоппен жабдықталды»,- деді М. Абдуллаев.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Германияның даму банкі арқылы 2007-2009 жылдары облыстың туберкулезге қарсы мекемелері үшін жаңа медициналық техника алуға 2,5 млн. евро көлеміндегі грант алғандықтарын хабарлады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта