Екі апат Шығыс Қазақстан облысында болды. Атап айтсақ, Зыряновск ауданында, Өскемен — Рахмановские ключи тас жолының 185-ші шақырымында 7-қаңтарда 14 сағат 30 минутта «ВАЗ-21063» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-21093» автокөлігімен соғысты. Жол апаты салдарынан «ВАЗ-21063» автокөлігінің бір жолаушысы жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырса, тағы үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге Үржар ауданында, Мақаншы-Жалаңашкөл тас жолының 33-ші шақырымында 7-қаңтарда 17 сағатта «ГАЗ-3308» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан бір жолаушы жарақаттан оқиға орнында қаза тапса, тағы төрт адам жарақаттанды.
Сондай-ақ, өткен тәулікте Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында Ақтау-Жетібай тас жолының 28-ші шақырымында 20 сағатта «Опель» автокөлігінің жүргізушісі тағы бір осындай көлікпен соғысты. Апат салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырса, төрт адам түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті