Астана мен Алматыда базарларда өрт шықты; зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматыда базарларда өрт шықты; зардап шеккендер жоқ

Астана мен Алматыда базарларда өрт шықты; зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Астана мен Алматыда өткен жексенбіде базарларда өрт шықты; зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Қаңтар 2007
  • 435
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Астанадағы «Сарыарқа» жабық базарында 11 сағат 31 минутта сауда бутигі өртенді. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Базар ғимаратынан 360 адам шығарылды. Өрт 12 сағат 2 минутта ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндірушілерінің күшімен сөндірілді.

Ал Алматыда жексенбіде Жетісу ауданындағы «Аягөз» базарында өрт шықты. 13 сағат 15 минутта №103 контейнерде шыққан өрт тағы үш контейнерге таралған. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады. Өрт бір жарым сағатта сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті