Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Оңтүстік Қазақстан облыстық балаларға ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

АСТАНА. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іске байланысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында бас прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының бастығы Әсет Әділхан хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

«Осы дерек бойынша қозғалған қылмыстық іс облыстық сотқа жолданды»,- деді Ә.Әділхан.

Оның айтуынша, тергеу оқиғаға басты себеп дәрігерлердің немқұрайдылығында деген тұжырымға келді. Соған сәйкес 21 адамға айып тағылды. Олардың кейбіреуіне немқұрайдылықпен бірге, бопсалау жолымен пара алу, алаяқтық, аса ірі көлемле мемлекет қаржысын ұрлау секілді айыптар тағылуда.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың арасында облыстық денсаулық сақтау департаментінің, денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтің сапасын қадағалау комитетінің, сондай-ақ, облыстық және қалалық балалар ауруханасының лауазым иелері бар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылдың аяғындағы жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 84 бала мен олардың 12 анасынан анықталды. Індет жұқтырған 8 бала қайтыс болып, бір баланы асырап АҚШ-қа алып кеткен, тағы екі баланың отбасы облыс аумағынан тысқары жерде жүр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта