Семейде жұқпалы гепатит ауруының таралуының алдын алу мақсатында оқушыларды медициналық тексеруден өткізу шарасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жұқпалы гепатит ауруының таралуының алдын алу мақсатында оқушыларды медициналық тексеруден өткізу шарасы басталды

Семейде жұқпалы гепатит ауруының таралуының алдын алу мақсатында оқушыларды медициналық тексеруден өткізу шарасы басталды

СЕМЕЙ . 9 қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде гепатиттің А түрінің таралмауы үшін қала мектептерінде оқушыларды медициналық тексеруден өткізу басталды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі Төлеухан Нұрмағамбетов хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2007
  • 625
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараты бойынша, балаларды тексеру бүгіннен басталды, себебі бүгін оқушылар қысқы демалыстан шықты. Оқушыларды қалалық отбасылық емдеу мекемелерінің дәрігерлері тексеруде. «Олар балалардың бәрін түгелдей тексереді, егер А гепатитіне күдік туатын болса, диагнозын анықтау үшін сабақтан босатады»,-деді Т.Нұрмағамбетов.

Оқушылардың бәрін медициналық тексеруден өткізу шарасы бір аптаға созылады.

Перейти к новостям спорта