Қырғызстанның қалдықтар қоймасы жер сілкіну салдарынан бүлінген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның қалдықтар қоймасы жер сілкіну салдарынан бүлінген жоқ

Қырғызстанның қалдықтар қоймасы жер сілкіну салдарынан бүлінген жоқ

БІШКЕК. 9-қаңтар. Kazakhstan Today. Республиканың оңтүстігіндегі 6 баллдық жер сілкінісінен Қырғызстанның қалдықтар қоймалары бүлінген жоқ, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Әлішер Ташматов.

  • 9 Қаңтар 2007
  • 812
Фото - Caravan.kz

«Қаңтардың 8-нен 9-на қараған түні болған жер сілкінісі салдарынан Қырғызстанның Баткен облысындағы уран қалдықтары қоймасының ешқайсысы да бүлінген жоқ»,- деді Ә. Ташматов.

Қырғызстан Республикасының ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, Қырғызстанның Баткен облысында 11 қалдық қоймасы, ал көрші Джалал-Абад облысында 26 қалдық қоймалары бар.

Қазіргі уақытта, республика аумағындағы 49 қалдық қоймаларында 70 млн. текше метрдей қалдықтар жиналған.

Бұрын хабарлағанымыздай, жер асты дүмпуі 8-қаңтар күні 23 сағат 21 минутта тіркелген, жер сілкінісінің ошағы қырғыз-тәжік шекарасында, Түркістан жотасының бөктерінде, облыс орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 шақырымда және Сүлікті қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 шақырымда болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті