Жаңа премьер -министр Конституцияға сәйкес он күн ішінде президентке үкіметтің құрылымы мен құрамы жайында ұсыныс жасауы қажет. Сонымен қатар, премьер-министр тағайындаудан кейін бір айда парламентке үкіметтің бағдарламасы жайында баяндама әзірлеуі тиіс.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Даниал Ахметовтың үкіметінде жалғыз вице министр болған 41 жастағы Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын кеше қос палатаның бірлескен мәжілісінде Елбасының өзі ұсынған болатын. Депутаттар К.Мәсімовтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті