Мемлекет басшысы сенат спикері қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы сенат спикері қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды (толықтырылған нұсқа)

Мемлекет басшысы сенат спикері қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сенат спикері қызметіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Қаңтар 2007
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Қасым-Жомарт Тоқаевты сіздерден сенат төрағасына сайлауды сұраймын»,- деді бүгін сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Конституциясына сәйкес, сенат төрағасы лауазымына кандидатураны республика президенті ұсынады.

Қ.Тоқаев 1953-жылы туған, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Ресей сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын, сондай-ақ Пекин лингвистика институтын тәмамдаған. Саясат ғылымдарының докторы. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Мамандығы бойынша Мәскеудегі сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, шетелдердегі өкілдіктерде жұмыс істеді. 1992 жылғы наурыздан бастап республика сыртқы істер министрінің орынбасары, бірінші орынбасары, сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі.

1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасының үкіметін басқарды.

2002 жылғы қаңтардан бері — Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы — Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі.

2003 жылдың маусым айынан — Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта