«Өткен аптада Қазығұрт ауданының үш баласына қатысты диагноз расталды. Алғашқы тест желтоқсанда өткізілгенді»,-дейді Н.Бабина.
Осыған дейін хабарланғандай өткен жылдың соңында Оңтүстік Қазақстан облысының мамандары Қазығұрт ауданында қатерлі дерттің екінші ошағын анықтаған болатын. Аудандағы ауруханада облыстық балалар ауруханасынан иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған бүлдіршін емделген. Оған бірнеше мәрте пайдаланған медициналық құралды өзге балаларға қолданудың салдарынан тағы он шақты бала ВИЧ жұқтырған.
Сонымен, қазіргі кезде ВИЧ -індетіне шалдыққан балалардың саны 87 жетті, ал кеселге шалдыққан аналардың саны он екі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті