«Республикамызда тұмауға қатысты ахуал тұрақты және де республика бойынша көп жылдық көрсеткіштерден асқан жоқ»,- деді В. Нейзер. Оның мәліметтеріне сүйенсек, тұмауға қарсы 300 мыңдай адам егілген. «Бұл одан арғы болжамның жақсы болатындығы үшін жеткілікті көрсеткіш»,- деді ол.
«Халықты егу үшін бізде үшінші буынды вакцина қолданылады. Тұмауға қатысты болжамның оң болатындығын жорамалдауға болады»,- деді В. Найзер. Ол күнделікті мониторингке сәйкес республикадағы ахуал «тұрақты және тұмауға қатысты күтпеген жағдайдың болмайтындығын» атап өтті.
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің дәрігер-эпидемиологы Гулвира Түлеушова Қазақстан Республикасы бойынша эпидмаусымның басынан бері тұмаумен ауырған 366 380 адам тіркелгендігін хабарлады. «Көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 2383 адамды құрады»,- деді ол. Г. Түлеушова тұмаумен ауыру бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сонымен қатар Алматы мен Астанада тіркелгендігін хабарлады. Ең аз көрсеткіш Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Республикада сондай-ақ, 53 тұмау оқиғасы тіркелген.
Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің дәрігер-эпидемиологы Оксана Иманәлиеваның ақпараттарына сүйенсек, осы жолғы эпидмаусымда тұмауға қарсы екпе егуге жергілікті бюджет қаржысынан 160 млн.-нан астам теңге бөлінген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті