«Кеше түнде қаланың екі бірдей шағын ауданында есептеуіштерді жаппай қиратып кеткен»,-деді ол. Бұзақылар «Комсомол» шағын ауданындағы бірден бес көшедегі шкафтарды күл-талқан еткен. «Мұнда біз 22 бұзылған шкафты кезіктірдік. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға шамамен екі жарымда болған. Тұрғындардың сөзіне қарағанда мұны жасаған алты жасөспірім»,-дейді В. Комов.
Дәл осындай оқиға кеше «Мұрат» шағынауданында да кездесіп отыр. Онда белгісіз біреулер есептеуіш орналасқан бес шкафты шағып кеткен.
«Қазіргі кезде бұл іспен ішкі бақылау тобы айналысып жатыр. Шығынды есептеп ІІД, прокуратура мен қалалық әкімшілікке есеп дайындаудамыз. Алдын-ала келтірген есептер бойынша, шығын көлемі 100 мың теңгеден асады,-деді ол.
В. Комов сондай-ақ, бұл әрекеттерді бұзақылық деп есептеуіміз керек деді. Менің ойымша, қылмыскерлерді іздеу қиынға соқпайды. Дәу де болса бұл жергілікті тентектердің ісі. Қолға түскен кезде оларды міндетті түрде жазаға тартамыз. Бұған қарап өзгелер де біраз ойлансын. Шығын көлеміне қарағанда олардың үстінен қылмыстық іс қозғалады».-деді ол.
Қазіргі кезде есептеуіштері талқандалған үйлерде электр жарығы жоқ. «Электр есептеуіштерін қалпына келтірумен біздің компания айналыспақшы. Бірақ айыптыларды тапқанда барлық сома олардан өндіріп алынатын болады. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына екі күн уақыт керек»,-деді ол.
В.Комовтың айтуынша, қазіргі кезде есептеуіштер жекеменшік үйлердің сыртында орналасқан. Бұл шара электр есептеуіштерінің көрсеткішін жазып алуға ыңғайлы болу үшін жасалған болатын. Әрі тексеру үшін үйде қожайынның болуы да шарт емес. Ал енді энергетиктер есептеуіштерді бұзу әрекеттеріне кезігіп отыр. «Жарты жыл ішінде есептеуіштерді жаппай қирату оқиғасы осымен үішінші мәрте жасалынды. Ал бірлі- жарым оқиғалар болса ай сайын тіркеліп тұрады»,-деді В. Комов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті