Берік Имашев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Берік Имашев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Берік Имашев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Осы жарлықпен ол президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 12 Қаңтар 2007
  • 423
Фото - Caravan.kz

Б.Имашев 1960-жылы Алматыда туған. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. Түрлі жылдарда ҚР бас прокуратурасында, шағын бизнесті қолдау агенттігінде істеді. «Казкоммерцбанк» басқарамалары төрағасының орынбасары, ҚР мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары, шағын бизнесті дамыту мәселелері бойынша президенттің көмекшісі болған.

ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігін басқарды.

2005 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысының орынбасары болды.

2005-жылғы 18-қазанда Б.Имашев Қазақстан президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта