Қызылорда облысында 2006 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есе артық есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 2006 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есе артық есірткі тәркіленді

Қызылорда облысында 2006 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есе артық есірткі тәркіленді

ҚЫЗЫЛОРДА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Қызылордада есірткі қылмысымен күрес жөніндегі басқарма қызметкерлері 2006 жылы өткен жылмен салыстырғанда 10 есе артық есірткі тәркілеген, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Қаңтар 2007
  • 360
Фото - Caravan.kz

«2006 жылы бірінші рет заңсыз есірткі айналымынан 203 кг 201 г есірткі заттары тәркіленді, ал алдыңғы жылғы көрсеткіш — 20 кг 125 г»,- деп хабарлады Қызылорда облысының ІІД ЕКБ бастығы Айбек Мырзалиев.

А. Мырзалиевтің ақпараттарына сүйенсек, өткен жылы жалпы салмағы 1 кг 231 г героин тәркіленсе, 2005 жылы — 142,9 г героин тәркіленген.

Аймақта өткен жылы есірткіге қатысты 135 , 2005 жылы 119 қылмыс анықталған, яғни 13,5 пайызға артық. Есірткі сату дерегі бойынша 55 қылмыс ашылған. Есірткі сақтаушылардың 14-і қарасораны заңсыз еккендігі анықталып, екі контрабанда дерегінің жолы кесілген.

«Мак-2006″ жедел — алдын-алу шарасын жүргізу барысында Қызылорда облысының аумағынан есірткіге қатысты 66 қылмыс анықталды. Заңсыз айналыман 70 келіден астам есірткі тәркіленді», — деді подполковник.

Жастар шоғырланатын орындарда есірткіге қатысты 12 құқық бұзушылық дерегі тіркелген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта