Қазақстанның экс-премьері үкіметтің ауысуын көңілге қонымды қадам деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның экс-премьері үкіметтің ауысуын көңілге қонымды қадам деп санайды

Қазақстанның экс-премьері үкіметтің ауысуын көңілге қонымды қадам деп санайды

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының бұрынғы үкімет басшысы Даниал Ахметов үкіметтің ауысуын көңілге қонымды қадам деп санайды. Ол мұндай пікірін бүгінгі үкімет отырысының аяқталуы бойынша журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Қаңтар 2007
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Мен үкіметтің ауысуын әбден көңілге қонымды қадам деп санаймын, себебі жаңа буын басшыларының уақыты келді»,- деді Д. Ахметов. «Қазір осындай басшылар дайындалды, сондықтан да барлығымыз жаңа үкіметке сәттілік тілейік»,- деді ол.

Жаңа қорғаныс министрінің айтуынша, «премьер-министр Кәрім Мәсімовтің бүгінгі қойған міндеттері нақты және дұрыс, және де үкімет басшысы көздеген мерзімде орындалуы қажет». «Мен үйлесімді, дәйекті және қарқынды жұмыс идеологиясына қосылам. Қорғаныс министрлігі алдына қойылған міндеттерді орындау үшін барлық шараларды қолданады»,- деді Д. Ахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта