Президент "Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент "Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңға қол қойды

Президент "Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" заңға қол қойды

АСТАНА. 15-қаңтар. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

  • 15 Қаңтар 2007
  • 785
Фото - Caravan.kz

«Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Заңды қабылдаудағы басты мақсат — жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға жеке өтініш жасауға құқық беру, сонымен қатар жеке және ұжымдық үндеулерді мемлекеттік органдарға және жергілікті өзін өзі басқару органдарына бағыттау. Оған қоса, заң жобасы келіп түскен өтініштерді дер кезінде және толық қаралуын, лауазым иелерінің жауапкершілігін қамтамасыз етуді, мемлекеттік орган қызметтерінінің ашықтығын және өтініштердің шынайы қаралуын көздейді.

Заңда мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған заңды тұлғалардың міндеттері көрсетілген, сонымен қатар құзырындағы өтініштерге сәйкес лауазым иелерінің міндеттері бекітілген, сол бойынша тиісті шешім қабылдау , заңды және жеке тұлғаларға жеке қабылдау ұйымдастыру мәселесі айқындалған.

Заң ережелері бойынша құзыретті органдардың немесе лауазым иелерінің қабылдаған шешімдерімен заңды немесе жеке тұлға келіспейтін жағдай болса , олар бұл шешімдер бойынша жоғары құзырлы органдарға және сотқа қайта шағым түсіруге құқылы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта