Ведмоство ақпараттарына сүйенсек, аудандық салық қызметінің басшысы кәсіпкерден салық есебін қабылдауға қатысты мәселені дұрыс шешу үшін 20 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды.
Осы дерек бойынша Батыс Қазақстан облысының ҰҚКД тергеу бөлімшелері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 311-бабының, 4-тармағының «а» тармақшасы (боспалаушылық жолымен пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті