"Прогресс М-59" көлік кемесі мен "Союз-У" зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағының ұшыру кешеніне орнатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Прогресс М-59" көлік кемесі мен  "Союз-У" зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағының ұшыру кешеніне орнатылды

"Прогресс М-59" көлік кемесі мен "Союз-У" зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағының ұшыру кешеніне орнатылды

БАЙҚОҢЫР. 16 қаңтар. Kazakhstan Today. "Прогресс М-59" көлік кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшыру кешеніне орнатылды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 16 Қаңтар 2007
  • 590
Фото - Caravan.kz

Кеше кешкісін мемлекеттік комиссия «Прогресс М-59» көліктік жүк кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңін одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылдады.

«Бүгін жергілікті уақыт бойынша 6 сағат 30 минутта «Союз -У» 112 алаңның монтаждау — сынақ корпусынан шығарылды, онда зымыранның бас бөлігі жүк кемесімен түйістірілген болатын. Содан кейін зымыран 1- алаңның ұшыру кешеніне жөнелтіліп, сағат 10.00 тігінен ұшыру «үстеліне» орнатылды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде ғарыш айлағының мамандары алғашқы ұшыру кестесінің жұмыстарына кірісті, олар жер үстіндегі және борт жабдықтарын түйістіруде. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін, зымыран тасығыштың жүйілерін және ғарыш аппаратын тексеру басталады.

Осыған дейін хабарланғандай, бұл 2007 жылғы бірінші ұшырылым, ол Кеңестік зымыран техникасының негізін қалаған Сергей Королевтің 100 жылдық мерейтойына арналады. «Союздардың» баламасы — Р-7 зымыранының негізін қалаушысының құрметіне кеменің обтекателіне Королевтің суреті ілінді.

«Прогресс М-59» ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына жанармай, су және 14-ші негізгі экспедиция ғарышкерлеріне азық-түлік, ғылыми жабдықтар секілді екі тоннадай жүк жеткізуі тиіс.

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс М-59» ғарыштық жүк кемесі мен «Союз-У» зымыран тасығышы 18 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 8.12 -де ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта