"ҚазСат" спутнигі қызметтеріне бағамдар халықаралық операторлардың тарифтерінен 5 және одан да жоғары процентке төмен - "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"ҚазСат" спутнигі қызметтеріне бағамдар халықаралық операторлардың тарифтерінен 5 және одан да жоғары процентке төмен - "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ

"ҚазСат" спутнигі қызметтеріне бағамдар халықаралық операторлардың тарифтерінен 5 және одан да жоғары процентке төмен - "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ

АСТАНА. 17 қаңтар. Kazakhstan Today. "ҚазСат" спутнигінің қызметтерінеің құны халықаралық операторлардың тарифтерінен 5 және одан да жоғары процентке төмен. Бұл туралы кеше журналистермен сұхбаттасқан "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ президенті Виктор Лефтер хабарлады.

  • 17 Қаңтар 2007
  • 496
Фото - Caravan.kz

«Біздің тарифтер халықаралық операторлардың тарифтерінен біршама төмен. Бұл отандық операторлар /спутник байланысы/ үшін қолайлы жағдай туғызбақ»,-деді В. Лефтер.

Сонымен қатар, В. Лефтер: «қазіргі кезде спутник өзінің толық мүмкіндігінің 40 пайызын ғана қолданып отыр. Бұл әлемдік тәжірибеде сирек кездеседі. Оның көмегімен Қазақстанның, «Кателко», «Нұрсат», «Тудей телеком», т.б. сияқты жеті ірі операторы жұмыс істеуде. Бұларға қоса бірнеше шағын операторлар да тесттен өтпекші болып өтініш беріп қойған»,- деді АҚ президенті.

В.Лефтердің сөзіне қарағанда «әзірше шетелдік операторлар «ҚазСаттың» қызметтерін қолдана қойған жоқ. Әзірбайжан, Түркмения, Өзбекстан мен Қырғызстан біздің ғарыштық аппаратқа қызығушылық танытып отыр, бізге тіпті РФ Нижегород облысы губернаторынан да өтініш келіп түсті»,-деді ол.

Дегенмен орталық алдымен өз еліміздегі операторларды ғарыштық жері серігі байланысымен қамтамасыз етуді, одан кейін ғана шетелдік әріптестер жайын ойлауды көздеп отыр»,-дейді В. Лефтер.

«Жыл соңына қарай біз «ҚазСат» мүмкіндігінің 70-80 пайызын іске асырамыз деп жоспарлап отырмыз»,-дейді В.Лефтер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта