«Егер алдын-ала тексеру барысында қосымша дәйектер анықталса, ҚР ҚК 102 бабына сәйкес өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүр етті деген тұспал қарастырылуы мүмкін. Алайда, әзірге істе мұндай мағлұмат жоқ»,-деп хабарлады Медеу аудандық ІІБ қызметкері.
Қазіргі кезде полиция алдын-ала тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. «Әзірге біз мұны өзіне-өзі қол жұмсау деп қарап отырмыз, себебі марқұм өзінің жұбайы Раушанға хат жазып қалдырыпты», дейді полиция қызметкері. Оның айтуынша, «өз хатында ол әрекеті үшін кешірім сұрап, өмірде де, тіпті сотта да жеңілгенін айтқан».
Ақпарат көзінің хабарлауынша, М.Бейсабаевтың мәйітінің жанынан бесатар табылған. Оның айтуынша, марқұмның қару ұстауға рұқсаты бар екен.
Осыған дейін хабарланғандай , Мұратжан Бейсебаев басынан оқ тиіп өліп жатқан жерінен өз үйінің жанынан табылған.
Көршілерінің айтуынша, ол сот мәжілісінен кейін өзіне қол жұмсаған. Сотта «Алматыжер» компаниясының үй иелеріне қатысты шағымы қаралған.
М.Бейсебаевтың тұрған үйі былай айтқанда «алтын бұрышта» орналасқан және ол үй бұзылуы тиіс. Құрылысшы компания үй иелеріне пәтерлері үшін , пәтердің шынайы бағасымен сәйкес келмейтін сома ұсынуда, сондықтан да тұрғындар пәтерлерін сатудан бас тартып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті