2005 жылы облыс бойынша мұнай ұрлығына қатысты 2 қылмыстық іс қозғалған. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Қалдыбек Абдуллаевтың хабарлауынша, 2006 жылы Қызылорда облысында 13 қылмыстық топ құрықталған, 72 адам қылмыстық жауапқа тартылуда, қазір 16 адам ұсталған. Сонымен қатар, өткен жылы облыс аумағында шағын 15 мұнай айыру зауытын анықтап , жою мүмкін болды, 700 тоннаға жуық шикі мұнай, түрлі көлемдегі 16 цистерна, екі дәнекерлеу аппараты және киіз үй кешені тәркіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті