«Корпорация «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ мен «Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету жөніндегі орталығы» ЖШС-ін біріктіру арқылы құрылады»,- деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, жаңадан құрылатын корпорация «Қазақстан экспортын шетелдерге шығаруға және ел экономикасының шикізаттан басқа салаларын дамыту үшін басқа елдерден инвестициялар тартуға түрткі болу» мақсатын көздейтін болады.
Ал «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ төрағасының кеңесшісі Гаяне Африкянның айтуынша, жаңа корпорацияны құрудағы басты мақсат — еліміздегі шетелдік компаниялардың инвестициялық іс-қызметтерін қолдау арқылы инвестициялық ахуалды жақсарту, қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық іс-қызметіне қолдау көрсету болып табылады. Ол отандық және шетелдік кәсіпорындар арасында іскерлік байланыстар орнатуға қолдау көрсету міндетін атқармақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті