Қырғызстанда өз міндетін атқару барысында қаза тапқан парламент депутаттарының отбасыларына жәрдемақы беру туралы заң қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда өз міндетін атқару барысында қаза тапқан парламент депутаттарының отбасыларына жәрдемақы  беру туралы заң қабылданды

Қырғызстанда өз міндетін атқару барысында қаза тапқан парламент депутаттарының отбасыларына жәрдемақы беру туралы заң қабылданды

БІШКЕК. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстан парламентінің депутаты қайтыс болған жағдайда, оның отбасына бір мәрте жәрдемақы төленеді. Параламент депутаттарының мәртебесі туралы заңға енгізілген толықтыруларға бүгін Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Қаңтар 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

Қабылданған түзетулерге сәйкес, жәрдемақы көлемі депутаттың 20 жылдық жалақысын құрайды. Төлемақы тек парламент депутаты қызметтік өкілеттігін орындау барысында қайтыс болса ғана төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, республикадағы билік ауысқаннан кейін Қырғызстан парламенттің үш депутаты өлтірілген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта