Елімізде бір тәулікте бес адам өрттен қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бір тәулікте бес адам өрттен қаза тапты

Елімізде бір тәулікте бес адам өрттен қаза тапты

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Елімізде бір тәулікте бес адам өрттен қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2007
  • 387
Фото - Caravan.kz

Мәселен, мекеме ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Талғар қаласында бір қабатты 2 пәтерлі тұрғын үйдегі өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Өрт 2 шаршы метр аумақты шарпыды. Оны сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің төрт адамы қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында жай үйдің ауласындағы жанып кеткен шаруашылық жайдан 31 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт 35 шаршы метр аумақты шарпыды. Жалынды ауыздықтауға 3,5 сағат уақыт жұмсалды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында да өрттен бір-бір адам қаза тапты. Мәселен, Оралда екі қабатты 6 пәтерлі тұрғын үйде шыққан өртті сөндірген кезде 64 жастағы ер адамның мәйіті табылса, Павлодар облысының Ертіс ауылында бір қабатты 3 пәтерлі үйдегі өрт 47 жастағы ер адамның өмірін қиды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта