«Шұғыл мәліметтерге сәйкес, 2006-жылы инвестиция ауқымы 2005-жылғымен салыстырғанда 17,5 процентке өсіп, $14,8 млрд болды, ал 2005-жылы ол $12,6 млрд құраған»,- делінген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.
Мекеме ақпаратына сәйкес, шетелдік инвестициялардың үлесі 80 процент көлемінде сақталды. Жалпы инвестиция көлемінің 83 проценті пайдалы қазбаларды шығаруға жұмсалған. «Инвестиция салуда басымдық берілген сала — көмірсутегі шикізатының нысандары қалпында қалып отыр. Бұлардың үлесі жалпы инвестиция көлемінің 80 проценті деңгейінде»,- делінген құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті