Қазақстан 2006-жылы 57,1 млн тонна мұнай экспорттады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2006-жылы 57,1 млн тонна мұнай экспорттады

Қазақстан 2006-жылы 57,1 млн тонна мұнай экспорттады

АСТАНА. 18-қаңтар. Кazakhstan Today. Қазақстан 2006-жылы 57,1 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2007
  • 491
Фото - Caravan.kz

«2006-жылы 57,1 млн тонна мұнай экспортталды, соның ішінде КТК мұнай құбырымен — 24,4 млн тонна, Атырау — Самара мұнай құбырымен — 15,6 млн тонна мұнай алыс шетелдерге жөнелтілсе, Атасу — Алашанькоу мұнай құбырымен 2,2 млн тонна мұнай жіберілді», делінген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында.

Сонымен бірге Ақтау айлағы арқылы 9,9 млн тонна, Орынбор арқылы — 2,4 млн тонна көмірсутегі шикізаты жіберілсе, Павлодар мұнайхимиялық зауытына жөнелтілген шикізат көлемі 3,9 млн тоннаны құрады.

Мекеме аақпаратына сәйкес, 2006-жылы Қазақстанда 64,8 млн тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген, бұл 2005-жылғы деңгеймен салыстырғанда 105,5%-ті құрады.

Баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, кейінгі бес жылда Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі мен жанар-жағармай өндірісі 1,9 есе өскен. «Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары 2006-жылы 11,7 млн тонна мұнай өңдеді, 2005-жылғымен салыстырғанда көлем 4,6%-ке артты», — делінген құжатта.

2006-жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 2,9%-ке артып, 27 млрд текше метрді құрады. «2007-жылы 29 млрд текше метрден астам газ өндіру межеленген, бұл бірінші кезекте мұнай өндіру көлемінің артатындығына және жаңа кеніштерді игеруге байланысты», — деп хабарлайды ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта