Алдағы үш күнде Алматы полицейлері күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнде Алматы полицейлері күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді

Алдағы үш күнде Алматы полицейлері күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді

АЛМАТЫ. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Қаңтардың 18 мен 20 аралығында "Қауіпсіз қала" атты жалпыреспубликалық шара аясында Алматы полицейлері күшейтілген тәртіппен жұмыс істейді. Бұл туралы Kazakhstan Today агентігіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2007
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Жол полициясының инспекторлары тәулік бойы жұмыс істеп, жол қозғалысының ережелерін өрескел бұзушыларды, мас күйінде көлік айдаушылар мен іздеудегі адамдарды анықтайды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сонымен бірге осы күндері «қоғамдық тәртіпті қорғау көшелердегі қылмысқа жол бермеу жұмыстары пәрмендендіріледі».

Осындай шара өткізу туралы шешімді ішкі істер министрі 2006-жылдың қорытындысы бойынша жолдағы апаттардың саны артуға байланысты қабылдаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті