ОҚО Арыс мәслихатының хатшысы қамаудан босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО Арыс мәслихатының хатшысы қамаудан босатылды

ОҚО Арыс мәслихатының хатшысы қамаудан босатылды

ШЫМКЕНТ. 18 қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында Арыс мәслихатының хатшысы қамаудан босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2007
  • 577
Фото - Caravan.kz

Осыған дейін хабарланғандай, Арыс қалалық соты Арыс мәслихатының хатшысы Әбілқасым Жарымбетті мемлекет мүлкін талан -таражға салып, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін мүлкін тәркілеп, бес жылға соттаған болатын.

Аппеляциялық шағымнан кейін облыстық сот «Қызмет бабын асыра пайдалану» бабы бойынша айыпты алып тастап, істі қайта қарауға жіберді.

А. Жарымбет қамаудан босатылды. Таяуда ол журналистермен кездесіп, оған қарсы іс қасақана ұйымдастырылғанын айтты. Оның пікірінше, бұған аудан әкімін сайлау кезінде ықпалды адамдардың тапсырмасын орындаудан бас тартқаны себеп. «Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін, өйткені бұл істі біреулер алдын-ала ойластырған. Мен мұнда аудан әкімін сайлаудан кейін түстім. Біреу менен кек алмақшы»,-деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта