Білім министрі біртұтас білім стандарттарын тез арада қалыптастыру қажеттігін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі біртұтас білім стандарттарын тез арада  қалыптастыру қажеттігін мәлімдеді

Білім министрі біртұтас білім стандарттарын тез арада қалыптастыру қажеттігін мәлімдеді

АСТАНА. 19 қаңтар. Kazakhstan Today. Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың пайымдауынша, жедел түрде білімді ұйымдастырудың біртұтас стандарттарын жасау қажет. Бұл жөнінде ол кеше өткен министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 19 Қаңтар 2007
  • 480
Фото - Caravan.kz

Министрдің пікірінше, «білім берудің біртұтас стандарттарының, материалдық техникалық базаның, қаржы ресурстарының жоқтығы» күрделі мәселелердің бірі. «Сондықтан да тез арада білімді ұйымдастырудың біртұтас стандарттарын жасап, жүзеге асыру қажет, онда мектептерге , колледждерге , жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар айқын көрсетілуі тиіс»,-деді ол.

Ж. Түймебаевтың пікірінше, «болашақта осы бағытта атқарылатын жұмыстар білім беру технологиясын , махзмұны мен құрылымын жалпы Еуропалық стандарттарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді» .

Сонымен қатар, министр «білімді қаржыландырудың жаңа жүйесін, ең бастысы орта және жалпы білімді ағымдық қаржыландыруды мақұлдайды». «Сол кезде мектептердің не үшін ақша алып отырғандары белгілі болады. Ал, олар ақшаны оқушыларға сапалы білім беріп отырғаны үшін алып отыр. Мұғалімнің жалақысы да сапалық көрсеткіштерге байланысты болады»,-деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта