Алматыда апат салдарынан 379 жай үй газсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда апат салдарынан 379 жай үй газсыз қалды

Алматыда апат салдарынан 379 жай үй газсыз қалды

АСТАНА. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматыда апат салдарынан 379 жай үй газсыз қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қаңтар 2007
  • 434
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Медеу ауданында Манас және Алдар көсе көшелерінің қиылысында 18-қаңтарда 16 сағатта экскаваторды сүйреп әкеле жатқан «Вольво» автотралының жүргізушісі диаметрі 159 мм-лік төмен қысымды газ құбырына зақым келтірді. Апат салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бір қуанарлығы, газ тұтанбай қалды. 379 жай үй газсыз отыр.

Қалпына келтіру жұмыстарын газ қамтамасыздығы саласының апаттық қызметі жүргізуде. Жұмысқа 16 адам мен 3 техника тартылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта