А. Шәкіровтың ақпараттарына сүйенсек, айыппұл салу, тауарларды тәркілеу және шығынның орнын толтыру жолымен бюджетке 7,7 млрд. теңге құйылған, бұл 2005 жылғы көрсеткішпен (3,4 млрд. теңге) салыстырғанда 2,2 есеге көп.
Тікелей кеден шекарасында жалпы салмағы 243 кг-нан астам есірткі, соның ішінде 55 кг-нан астам героин контрабандасына қатысты 198 дерек әшкерленген, деп атап өтті А. Шәкіров.
Сонымен қатар, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барасында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 121 дерек анықталған, тәркіленген есірткінің салмағы 1,9 тоннаны құрап отыр. «Бақылаудағы жеткізілім» әдісі бойынша бірлесіп атқарған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ТМД-ның оңтүстік республикаларынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арқалы есірткінің ірі партиясын контрабандалық жеткізумен айналысатын бірқатар халықаралық ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтардың әрекеттеріне тосқауыл қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті