Н. Рахметов 2006 жылдың 1-қаңтарымен салыстырғандағы республика бюджетіне түсетін салық берешегінің 7,7 млрд. теңгеге өскенін атап өтті.
Н. Рахметовтың мәліметтеріне сүйенсек, Ақтөбе облысының салық комитетінің берешегі ең жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр, нақтырақ айтсақ 9 млрд. теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Н. Рахметов «Ақтөбе облысының салық комитетінің төрағасы кандидатурасының жарты жыл бойы келісілмеуі салдарынан өткен жылы айтарлықтай кемшіліктер болды, бұл өз кезегінде «жалпы республика бойынша салық берешегінің өсуіне әкеп соқтырды», деп атап өтті. «Ақтөбе облысын қоспағанда берешек көрсеткіші төмен болар еді»,- деп санайды ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті