«Көлік және коммуникация министрлігінің ұсыныстарынан оншақты жобаға «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ қызығушылық танытып отыр, деп атап өтті «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов.
«Меморандумның мақсаты — екі жақтағы әлеуетті тиімді пайдалану және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы мен Қазақстан Республикасының 2003- 2015-жылдарға арналған индустриялық -инновациялық даму стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін ұзақ мерізімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту»,- делінген меморандумда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті