«17-қаңтар күні жедел іс-шаралар жүргізу барысында бір жарым килогармм героин сатпақ болған Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының 30 жастағы тұрғыны құрықталды»,- деді Е. Іңкәров. Оның сөзіне сүйенсек, есірткі сатушы өз тауарын 9 мың АҚШ долларына сатпақ болған, бірақ ол қылмыс үстінде ұсталған.
Қазіргі уақытта, полицейлер есірткіні алу көздері мен сату арналарын, сонымен қатар, оның сыбайластарын анықтауда.
Ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының ҚК 259-бабы бойынша (есірткілік немесе психотроптық заттарды заңсыз әзірлеу, алу, сақтау, жіберу, тасымалдау немесе сату) қылмыстық іс қозғалды.
Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқарамасында бұл аймақтық полицейлердің осы жылғы ұстаған героиннің ең бірінші ірі партиясы екендігі айтылуда. Олар өткен жылы 465,9 кг есірткі заттарын, соның ішінде 71,5 кг героин тәркілеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті