Қаржы министрі 2006-жылғы бюджеттің орындалу көрсеткіштері "жаман емес" деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы министрі 2006-жылғы бюджеттің орындалу көрсеткіштері "жаман емес" деп санайды

Қаржы министрі 2006-жылғы бюджеттің орындалу көрсеткіштері "жаман емес" деп санайды

АСТАНА. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Қаржы министрі Наталья Коржова 2006-жылғы бюджеттің орындалу көрсеткіштері "жаман емес" деп санайды. Бұл туралы ол бүгін қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Қаңтар 2007
  • 388
Фото - Caravan.kz

«2006-жылы мемлекеттік бюджетке аударылған түсімдер 2 трлн. 338 млрд теңге болып, 108,9 процентке орындалды»,- деді Н.Коржова. Оның айтуынша, мемлекеттік бюджет кірісінің өсу қарқыны 2005-жылғымен салыстырғанда 135,6 процентті құрады. «2006-жылы республикалық бюджет шығындары 1 трлн 922 млрд теңге көлемінде орындалып, жоспардың 99 процентін құрады»,- деді министр.

Оның айтуынша, «2005-жылғымен салыстырғанда республикалық бюджет шығындарының көлемі 2,1 есе өскенін ескерсек, бұл айтарлықтай жоғары орындалу көрсеткіші», деп атап өткен министрдің нақтылауынша, былтыр бюджеттік бағдарламалардың администраторлары 18,5 млрд теңгені пайдалана алмаған.

«Осы аталған сандарды жақсы көрсеткіш деп санауға болады. Бұл жерде 2006-жылдың екінші жартысынан бастап бюджетке мұнайгаз саласынан салық кірістері аударылмайтын болғанын да ескеру керек»,- деді Н.Коржова. «Осы орайда қаржы министрлігі де салық және кедендік әкімшілікті жақсарту және ІТ-технологияларлы пайдалану арқылы өзіндік роль атқарғанын айта кету керек»,- деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта