Астанада жеңіл автокөлік пен екі автобустың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жеңіл автокөлік пен екі автобустың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды

Астанада жеңіл автокөлік пен екі автобустың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды

АСТАНА. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Астанада жеңіл автокөлік пен екі автобустың соғысуы салдарынан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қаңтар 2007
  • 391
Фото - Caravan.kz

Апат жексенбі күні таңертең Можайск көшесінің бойындағы №2 жол өткелегі арқылы өтетін көпірде болған. «Ауди» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі «Вольво» маркалы екі автобуспен соғысты. «Автобустарда жолаушылар болмаған», деп хабарлайды мекеме.

Апат салдарынан «Ауди -100» автокөлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылып, оның 25 жастағы жолаушысы жарақаттардан қаза тапты.

Апаттың зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің құтқару отрядының адамдары тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта