Бір қабатты барак үлгісіндегі 4 пәтерлі үйдегі өрт сенбіден жексенбіге қараған түні шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 44 жастағы ер адам, 41 жастағы әйел мен 30-35 жастар шамасындағы аты-жөні белгісіз тағы бір әйелдің мәйітін тапты.
Өрт 36 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 9 адамы 2 сағатта сөндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті