Қазақстанда ауылшаруашылығының су пайдаланушыларын қаржыландыру схемасы өзгертілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ауылшаруашылығының су пайдаланушыларын қаржыландыру схемасы өзгертілмек

Қазақстанда ауылшаруашылығының су пайдаланушыларын қаржыландыру схемасы өзгертілмек

ШЫМКЕНТ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанда ауылшаруашылығының су пайдаланушыларын қаржыландыру схемасы өзгертілмек. Бұл туралы кеше Шымкентте өткен "Су ресурстарын тиімді пайдалану және бағбаншылық, жүзім өсіру және жылыжай шаруашылығын дамыту" атты аймақтық семинар-кеңесте ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Қаңтар 2007
  • 556
Фото - Caravan.kz

«Келесі жылдан бастап тек гидрокондоминимумдар мен су пайдаланушы ауылдық тұтынушы кооперативтер бар жерлер мен жаңа технология бойынша суарылатын жерлер ғана қаржыландырылады. Мысалы, тамшылай суғару әдісі қолданылатын жерлер 80 пайызға дейін қаржыландырылады. Ал, бұрынғы көнерген әдіспен суарылатын жерлер 10 пайызға дейін қаржыландырылады»,- деп мәлім етті ауылшаруашылығы министрлігінің басшысы. Ауылшаруышылғы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, мұндай құрылым әзірге суарылым жерлердің тек 19 пайызында ғана құрылған.

Ауылшарушалығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев өзінің баяндамасында, республика бойынша 2000 жылдың басында суармалы жерлердің ауданы 2153 мың гектарды құрағандығын, ал өткен жылы тек 63,3 пайызы ғана, яғни 1362 мың гектардың ғана пайдаланылғанын мәлім етті. «Егер Алматы және Жамбыл облыстарындағы тау бөктерлерінде богарлы жерлер пайдаланылса, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында барлық егіншілік өнімдері суармалы жерлерде өсіріледі. Сондай-ақ, суармалы жерлерді пайдалану бойынша ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында болып отыр (54 пайыз)»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта