2007 жылы мемлекет жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілерді қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы мемлекет жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілерді қолдайды

2007 жылы мемлекет жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілерді қолдайды

ШЫМКЕНТ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. 2007 жылы көкөніс өндірушілер, бағбандар мен жүзім және жеміс-жидек өсіретін фермерлік шаруашылықтарды жанармаймен және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету қаржыландырылады. Бұл туралы кеше Шымкентте өткен "Су ресурстарын тиімді пайдалану және бағбаншылық, жүзім өсіру және жылыжай шаруашылығын дамыту" атты семинар-кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Қаңтар 2007
  • 519
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет жеміс-көкөніс өнімдерін өндірушілерді қолдау міндетін өзіне алады»,- деді республиканың ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов. (Бұрын мемлекет астық және мақта шаруашылығын қаржыландырған). Министрдің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта көкөніс, жеміс-жидектер мен жүзімнің бір гектарына төленетін қаржы көлемі есептелуде.

Сонымен қатар, министр қолданылып отырған лизинг бағдарламасы бау-бақшалар мен жүзімдіктерді, көкөністерді өңдеуге арналған арнайы техникаларды алуға да қолданылады. «Мұндай техниканы осы жылдың басынан бастап арнайы бағдарлама бойынша сатып алуға болады. Бағдарламада жылына 4 пайызбен жеті жылға алу қарастырылған», — деді А. Есімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта