«Еліміздің индустрия және сауда министрлігі таяу уақыттарда Қазақстанның технологиялық даму стратегиясының жобасын жасауға кіріседі»,- деді С.Бегімбетов. «Құжат алдағы жылдарда ғылыми-техникалық бағытта жүзеге асырылады деп межеленген реформалардың шартына айналуға тиіс»,- деді ол.
Бас қосуда инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы сондай-ақ отандық технология ғылымының қазіргі ахуалы туралы алдын-ала есепті жария етті.
«Бұл зерттеу Қазақстанның технологиялық даму стратегиясының жобасын жасауға ағымдағы жылы кірісіп кету үшін жасалды»,- деді орталықтың вице-президенті Дияс Мырзақожа.
Д.Мырзақожаның айтуынша, зерттеулер металлургия, машина жасау, құрылыс материалдары, нанотехнологиялар, ақпараттық технологиялар, биотехнологиялар және мұнайхимиясы секілді жеті технологиялық бағыттар бойынша жүргізілген. Зерттеулерге еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам өнеркәсіп орындары мен 50-ден астам ғылыми ұйымдары жұмылдырылды.
Сонымен бірге ҚР білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың материалдық-техникалық базасының қазіргі ахуалына қатысты аудит жүргізіліп, ғылым мен өндіріс секторының арабайланысының даму деңгейіне зерттеу жүргізілді.
Зерттеулерге Кембридж университеті мен Ирландияның ғылыми қорының сарапшылары қатысты.
«Зерттеулердің қорытындысы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияның отырысында 29-қаңтарда таныстырылады, комиссияға республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов төрағалық ететіні белгілі»,- деді Д.Мырзақожа.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті