Алматыда ұсталған бұрынғы депутат Усатовтың ұлының экономикалық контрабандаға қатысы бар деген күдік тууда - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ұсталған бұрынғы депутат Усатовтың ұлының экономикалық контрабандаға қатысы бар деген күдік тууда

Алматыда ұсталған бұрынғы депутат Усатовтың ұлының экономикалық контрабандаға қатысы бар деген күдік тууда

ҚАРАҒАНДЫ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы қаласында ұсталған Қарағанды облыстық маслихатының бұрынғы депутаты Николай Усатовтың ұлы Игорьдің экономикалық контрабандаға қатысы бар деген күдік тууда, деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне облыстық прокуратурадан.

  • 22 Қаңтар 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, прокуратура И. Усатовтың ұсталуы оның іздеуде жүрген әкесінің ісіне қатысы жоқ деп отыр.

Прокуратураның баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 19-қаңтар күні Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық прокуроры Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 142-бабына сәйкес Игорь Усатовты он күнге дейін ұстауды белгілеген. «Осы мерізім ішінде оған не айып тағылады немесе кідірту шарасының күші жойылады»,- дейді баспасөз қызметі.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қарағанды облысының маслихатының бұрынғы депутаты, «Қарағанды-нан» АҚ акционері Николай Усатовтың ұлы 16-қаңтарда ұсталған болатын. Оны «Алматы» қонақ үйінен шығып келе жатқан жерінен құрықтаған. Жас жігіт журналистерге өзінің отбасы мүшелерін боспалаушылық дерегі туралы айтпақ болып келген-міс.

Игорьдің әкесі Николай 2006 жылдың 7-қазанынан бері іздеуде. Тергеу болжамы бойынша, бұрынғы депутат, 1997 жылы «Нива» ЖШС-нің бір құрылтайшысының өлімін ұйымдастырушы болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта